Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов С. Торайғыров атындағы ПМУ-де жұмыс сапарымен болды.

Шараға университет ректорының м.а, э.ғ.д. Мейрам Бегентаев қатысты. Дөңгелек үстел барысында ғалымдар жүзеге асыруға дайын және коммерциаландыруға дайын ғылыми-зерттеу жобаларын таныстырды.

Жобалардың қатарында кәсіпорындардың қатты техногенді қалдықтарын құрылыс материалдарын жасауға қолданудың инновациялық технологиялар, глиноземді алу бойынша күл қалдықтарын қайта өңдеу жобалары, сонымен қатар, тұрғын және өндірістік ғимараттарды жылытудың жаңашыл технологиясы сияқты дүниелер бар.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша А. Қабыкенов бұл жобаларды мақұлдап, оларды болашақта қарастыруды ұсынды. Ол жобаларды аймақтың кәсіпорындарында енгізу, гранттық бағдарламаға қатысудың маңыздылығын тілге тиек етті.

Кездесу барысында қонақтарға танысу экскурсиясы ұйымдастырылды.