С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғалымдары «Карбон» ғылыми-өндірістік бірлестіктің төрағасы Игорь Когаймен кездесті. Шара «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркте өтті.

Дөңгелек үстел барысында карбон жіптері негізіндегі терпопанельдердің проттиптері көрсетілді. Өнім экологиялық таза сипатқа ие.

«Қазіргі таңда карбон талшықтары негізінде тұрғын үй пәтерлері мен азаматтық ғимараттарда қажет температураны сақтауға арналған құрылғыларды жасауға болады. Мәселен, жылы едендер, электрожылытқыштарды жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, темірбетон қалыптар, орындықтар, «ақылды» аялдамаларды жылытуға арналған құрылғылардың әзірлемелері бар», - дейді И. Когай.

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, б.ғ.к. профессор Нұрлан Ержановтың айтуынша, бұл ынтымақтастық бірнеше стартап жасауға жол ашады. Студенттер мен магистранттар өндіріспен танысумен қатар, энергоаудит өткізу мен жылыту саласындағы инновациялық шешімдерді жасау үрдістеріне қатыса алады.

Айта кетейіа, университет пен бірлестікті ңортақ жұмысы бұл технолоияның өзінді кқұнын төмендетіп, қазақстандық нарыққа шығуға мүмкіндік тудырады