АҚШ және Қазақстан жоғары оқу орындары арасында U.S.-Kazakhstan University Partnership Coaching Program серіктестік орнату жобасын жүзеге асыру шеңберінде Нью-Йорк штатының мемлекеттік университетінің ғалымдары доктор Гай Ланца, доктор Ли Ньюман, PhD докторы Дэвид Эмберг және PhD докторы Дональд Леопольд Павлодар мемлекеттік университетінде болды.

Сапар барысында сарапшылар жоғары оқу орындарының докторантурасы мен магистратурасының «Биология», «Экология» және «Агрономия» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын салыстырды.

Сарапшылар сондай-ақ ынтымақтастықтың одан арғы бағыттарын, соның ішінде ғалымдардың бірлескен зерттеу жұмысын ұйымдастыруды, Нью-Йорк штатының мемлекеттік университетінің Қоршаған орта және орман шаруашылығы колледжінің зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуді, PhD және магистратура деңгейінде екі дипломдық бағдарламаны әзірлеуді, сондай-ақ АҚШ-та тегін негізде оқыту мәселесін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, екі университет арасында биоәртүрлілікті сақтау және экожүйені қалпына келтіру саласындағы әріптестік орнату жобасы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржыландыруымен мақұлданды.

Жобаны орындаушылар – Нью-Йорк штаты мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және орман шаруашылығы колледжінің ғалымдары және С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Агротехнологиялық факультеті мен Химия, химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті.

Кездесу Баянауыл ұлттық паркінде аяқталды, онда қонақтар үшін экскурсия, сондай-ақ «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінде демалыс ұйымдастырылды.