С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Қазэнергокабель» АҚ аумағында білім алатын болады.

Жұмыс кездесуі барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры м.а. э.ғ.д. Мейрам Бегентаев пен «Қазэнергокабель» АҚ Бас директоры Владимир Бобров бакалавриаттың «Электр энергетикасы» және колледждің «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша дуалды білім беруді енгізуді талқылады.

М. Бегентаев атап өткендей, бүгінде ПМУ студенттерінің академиялық еркіндік аясында өндірісте білім алуға мүмкіндігі бар, онда оқытудың 30% -міндетті компонент, ал 70% - вариативті бөлім.

«ПМУ-да бүгінде колледж де, университет те бар, біз үшін бұл өте маңызды. Бүгінде дуальды оқытуда біз студенттерді 2-3 айға кәсіпорындарға жұмысқа ала аламыз. Олар ЖОО-ға оқуға келгенде, қандай теориялық білім қажет екенін көрген кезде, енді өздеріне не қажет екенін білетін болады. Олар оқуға мүлдем басқаша қарайтын болады», - деп атап өтті В. Бобров.

Айта кету керек, келісім аясында студенттерде тек ақылы тәжірибеден өту ғана емес, сонымен қатар диплом алған соң жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болады.