С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен «ҚазМұнайГаз-Инжиниринг» ЖШС Бас директорының орынбасары Гавит Куркимов және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның персонал және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Алтын Имантаева келді.

Кездесу барысында тараптар ЖОО басшылығымен бірлесіп, университет пен кадрларды даярлау жөніндегі компанияның арасындағы болашақтағы өзара іс-әрекеттер жасау жолдарын қарастырды. Атап айтқанда, қатысушылар «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Oil and Gas Refining» және «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша оқитын ПМУ студенттері үшін Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында өндірістік тәжірибеден өтуді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Румыниядағы мұнай өңдеу саласының жағдайы мен даму перспективалары туралы талқылау өтті.

Айта кету керек, 2019 жылы ПМУ-дың он студенті іріктеуден өтіп, Petromidia мұнай өңдеу зауытында өтетін тәжірибеге жіберіледі. Бұл Румыниядағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ең заманауи мұнай өңдеу зауыттарының бірі.