С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универститен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алған студенттердің алғашқы легі түлеп ұшып, дипломдарын алды.

Түлектер мен ата-аналар қайымын даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы Арман Ақышев құттықтады.

2019 жылы «Серпін» бағдарламасы шеңберінде алты факультетте оқыған 265 диплом алды. Студенттердің қуанышына университеттің студенттік филармониясының солистері де бөлісіп, концерт ұйымдастырды.

Айта кетейік, оқу орнында бағдарлама бойынша 2015 жылдан бері 549 студент 20 мамандық бойынша білім алуда.