2019 жылдың 10 маусымынан бастап, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының филиалдары базаларында жоғары оқу орындарының студенттері адалдық мектептерінде оқи бастайды.

Шараны ұйымдастыруға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін зерттеу жөніндегі орталығы мұрындық болды.

Мектептің жұмысы жастар ортасындағы жемқорлыққа қарсы модельді қалыптастыру және жастарды жаңа формациядағы жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысына дайындауға бағытталды. Шараға ПМУ студенттері де қатысты.

Кездесу барысында дәрістер оқылып, зияткерлік және іскерлік ойындар өткізілді. Топтар жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі, адалдық мәдениеті жөнінде ой алмасты.

Жаттықтырушылар мен сарапшылар тәжіибелерімен бөлісіп, жемқорлыққа қарсылық шараларында қолданылатын заманауи әрекеттерін ортаға салды.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.к. Петр Быков «Sanaly urpaq» және «Ертiс – адалдық алаңы» кеңселерінің жұмысы туралы айтып берді.

Мектептің жұмыс қорытындысы 14 маусымда шығарылады.