С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының м.а. э.ғ.д, Мейрам Бегентаев басшылық еткен дегегация «Павлодар» АЭА-ғы қоспалы алюминий өндірісі мен қыздырылған мұнай коксы кәсіпорындарында болды.

Сапар барысында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғаливпен кездесу өтті.

Кездесуге қатысқандар үшін экскурсия ұйымдастырылып, арнайы экономикалық аймақтың негізгі бағыттары, сонымен қатар, «УПНК-ПВ», «Giessenhaus» ЖШС және «Vector Павлодар» кәсіпорындарының қызметі таныстырылды. Ынтымақтастық тетіктері жайында сөз қозғалды. Кейін қос тарап ПМУ ғалымдары АЭА кәсіпорындарында ғылыми сарапшы болуы мүмкін деген байламға келіп, өндіріс үрдістеріне ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, студенттерге кәсіби тәжірибелік шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетерлігі, Financial Times басылымының нұсқасы бойынша «Павлодар» АЭА үздік ресурстық-шикізаттық база ждеп танылды.