С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жастар бастамаларын қолдау Орталығы ұйымдастырған вайндар байқауында екінші орынға ие болды.

Қатысушылар «Сенің туған жерің Павлодар болғанда» тақырыбында вайн түсіріп, Instagram желісіндегі парақшаға орналастырды.

Руслан Құрымбаев пен Әмірхан Тезекбаев – металлургия, машина жасау және көлік, мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультеттерінің студенттері. Шығармашыл жастардың бейнеролигі үздіктердің бірі болды.

«Вайн – күнделікті өмірде тап болатын оқиғаларды бейнелейтін ролик. Біз қарапайым тіл мен бейне арқылы кез келген тақырыпты аша аламыз, осылайша, аудаториямыздың қызығушылығын тудырудмыз», - дейді Руслан Құрымбаев.

Байқаудың марапаттау рәсіміне «ХАХА-шоу» вайнерлер командасы және Территима қатысты. Шара шейберінде фан-кездесу мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.