С. Торайғыров атындағы ПМУ 30 білім беру бағдарламасының тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігіндегі мамандандырылған аккредитациясы шеңберінде сыртқы сарапшылық комиссия мемлекеттік университетке келді. Сапар 2019 жылдың 14-16 мамыр аралығында болды.

Комиссия құрамында агенттіктің ұлттық және халықаралық деңгейдегі 28 жетекші сарапшы болды. Мамандар, Йошкар-Ола (Ресей), Владикавказ (Ресей), Нұр-Сұлтан, Семей, Павлодар және басқа қалалардан келді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен студенттік қоғамлық ұйым өкілдері бар.

Сарапшылық топқа Қазақстандағы жоғары білім беру реформасы жөніндегі ұлттық сарапшылық топтың мүшесі, агенттіктің жоғары білім беру жөніндегі сарапшылық кеңестің төрайымы, пед.ғ.к. доцент, Нархоз университеті (Алматы қаласы) ректорының кеңесшісі Скиба Марина Александровна жетекшілік етті.

Сапар барысында сарапшылар университеттің инфрақұрылымы, академиялық, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысымен танысты. Сонымен қатар, сабақтар мен емтихандарға қатысып, білім беру үрдісінің негізгі стейкхолдерлері - профессорлық-оқытушылық құрам, жұмыс берушілер мен білім алушылармен сұхбат жүргізді.

Сонымен қатар, сарапшылар аккредитациядан өткен білім беру бағдарламалары кафедраларының филиалдары мен тәжірибелік базаларында болды. Нақтырақ айтқанда, Назарбаев зияткерлік мектебі, #19 орта мектебі, «ЭкоСтройНИИ-ПВ» ЖШС-і, «Ertis» телеарнасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Самал» оңалту орталығы және т.б.

Жұмыс сапарының қорытындысы брйынша топ мүшелері қорытынды шығарды. Оны аккредитациялық кеңес қарап, шешім қабылдайды.