С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен оқытушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді тұлғаларымен кездесті.

Облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің алдында ПМУ-дің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Ақышев пен штаб төрағасының орынбасары Қобланбек Қожин сөз алды.

Кандидаттың өмірбаяны туралы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті психология кафедрасының доценті Бұлғын Жалмағамбетова айтып берді.

- Қасым-Жомарт Кемелов Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде еңбек етті, еліміз үшін қиын жылдарла Үкіметті басқарды. БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып, Қазақстан Парламенті Сенатына жетекшілік етті. Ол - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жалғастырушысы, - дейді Бұлғын Жалмағамбетова.

Қ. Тоқевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды платформасының негізгі тұстары туралы ПМУ металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы және ПМПУ жалпы биология кафедрасының доценті Валентин Алиясова айтып берді.

Студенттер ұсыныстар мен тілектер бланктарын толтырды.