С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде дәстүрлі болып кеткен «Таза сессия» сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқаны басталды. Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне, құқықтық сауаттылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға және студенттердің оқу орнындағы заң бұзушылық фактілері бойынша қырағылығын арттыруға бағытталған.

Университетте емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ЖОО-да бейресми қарым-қатынас пен білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.

Студенттер өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын 8 707 885 31 24 телефондары арқылы қалдыра алады.

Университет басшылығы студенттер мен магистранттарды ЖОО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуға, «Таза сессияны» жүзеге асыруды бақылауға және сапалы білім алу құқығын қорғауға шақырады.