С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мисс Қазақстан-2019» ұлттық байқауының жеңімпазы, география және туризм кафедрасының студенті Мадина Батықпен кездесу өтті.

Жеңімпазды ПМУ ректорының м.а. э.ғ.д. Мейрам Бегентаев, химиялық технологиялар және жаратылыстану білімдері факультетінің деканы, б.ғ.д. профессор Қанат Ахметов, жоғары оқу орны жанындағы жастар ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, «Мисс Павлодар», «Мисс ПМУ» және «Қазақстанның вице-миссі» Айзат Байтенова, Аида Байтемірова, Ульяна Жевоченко, Әмина Қожанова, Айгериі Әлбекова және Айнагүл Аяғанова құттықтады.

Шара барысында сұлу қыздар «Дос-Мұқасан» тобының «Сен сұлу» әнінің сүйемелдеуімен дефиле ұйымдастырды.

Еске салсақ, Мадина Батық алдағы уақытта әлемдік сұлулық додасында ел намысын қорғайды. Шара Тайланд елінде өтеді.