Ұлы Жеңіс күні қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады. Топ құрамында жоғары оқу орны ректорының м.а., э.ғ.д Мейрам Бегентаев, даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, саясат.ғ.д. Арман Ақышев және университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Бари Жанахутдинов болды.

Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлеріне сыйлақтар тарту етіліп, жүрекжарды тілектер жеткізілді.

«Баршамызды біріктеретін - осында еске алар кездесулер. Біз үшін сіздерге алғыс айтып, бейбіт күн сыйлағаныңыз үшін қамқорлығымызды білдіруге мүмкіндік беретін сәттер. Біз келер ұрпақтың Жеңістің қандай қиындықпен келгенін ұмытуына жол беремуіміз керек. Біз ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрдайым қамқор болуымыз қажет», - дейді М. Бегентаев.