С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен болашақ жұмыс берушілер 2019 жылғы түлектер жәрмеңкесіне қатысты.

Шараға Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес ұйымдарының өкілдері, құқыққорғау органдандары мен жетекші өндіріс ошақтарының 60-қа жуық басшысы мен сарапшылсы қатысты.

Жәрмеңкеге 800-ден астам түлек келіп, түйіндемелерін тапсырды. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен әңгімелесіп, қызықтырған сауалдарын қойды.

Кәсіпорын өкілдері студенттермен сөйлесіп, түйіндемелерін іріктеп алды.

Еске сала кетсек, ПМУ-де түлектер жәрмеңкесі жыл сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылады. Осы тектес шаралар түлектерді еңбекпен қамту және жұмыс берушілерге білікті мамандарты табуға көмектесуді көздейді.