19 сәуірде Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорлары Кеңесінің көшпелі отырысы барысында жас стартапшылардың қатысуымен DemoDay шарасы өтті.

Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар аныөталды. Олардың жобалары Павлодар облысының ғана емес, Қазақстанның ірі өнеркәсіптік компаниялар және кәсіпорындар тарапынан инвестицияландырылатын болады.

Үшінші орынға М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық универчитетінің студенті Жанна Жүсіпованың «Lentils» (жасымықтан жасалған диеталық печенье) жобасы ие болды. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Ақниет Нұржаубаева «IT-Alem» жобасы үшін екінші орынды жеңіп алды.

Ал Demo Day шарасының жеңімпазы – көппластты жел генераторы жүйесінің тиімділігі жоғары 3D-сараптамасы жобасы. Жоба авторлары – Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері Алина Фазылова мен Саят Ахмеджанов. Басқарылатын жел генераторы өздігінен реттелетін құрылғы болып табылады. Конструкцияны қолдану ыңғайлы, орнату барысындағы тиімділігі – артықшылығы. Энергияның тоқтаусыз келуі аккумлояторлық батареяларды қолдану есебінен жүзеге асырылады. Құрылғы орталықтандырылған электр желілерінен шалғай жатқан шағын елді мекендерді жарықпен қамтуға мүмкіндік береді.