Көршілерлер арасындағы қарым-қатынас дәтүрлерін нығайту және жаңғырту, Павлодар қаласы тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында 11 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығына орай бірегей жоба бастау алды.

Бағдарлама шеңберінде Павлодар облысында көптеген шаралар, акциялар, кездесулер өткізілуде.

Шараны ұйымдастыруға «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесі, облыстық ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, «Жас Отан» жастар қанатының филиалы, Павлодар қалалық білім беру бөлімі, Павлодар қалалық мәдениет және спорт бөлімі, Жамалутдинов атындағы балалар техникалық мектебі мұрындық болды.

Жобаға аула тұрғындары, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, мұғалімдер мен мектеп тәрбиеленушілері қатысты.

Балалар техникалық мектебінің мұғалімдері бірқатар шаралар мен шеберлік-сабақтарын өткізді. Шағын ауданның ауласында «Киіз үйдің безендірілуі» көрмесі, «Орнамент, его значение в жизни и быту казахского народа» шеберлік сағаиы өтті. Бұл шаралар концерттік бағдарламаға ұласты.