С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алған магистрлердің үшінші жылғы түлектерін дипломдармен марапаттау рәсімі өтті.

Түлектерді құттықтауға және дипломдар тапсыруға ЖОО басшылығы, декандар, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ, «KSP Steеl» ЖШС, «Нефтехим LTD» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС және басқалары секілді аймақтың ірі кәсіпорындарының өкілдері келді.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор техн.ғ.к. Петр Быковтың айтуынша, ИИД-2 МБ аясында дайындықтан өткен 2019 жылғы магистр түлектер 15 бағыт бойынша 325 адамды құрады, оның ішінде ағылшын тілінде білім алғандары да бар.

Бағдарламаны іске асыру жылдарында, 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін университет мұнай өңдеу, металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпараттық жүйелер сияқты экономика салалары үшін 674 магистр дайындады.

Салтанатты шара барысында университеттің студенттік филармониясының әншілері мерекелік концерт қойды.