С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Биология және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Александр Васильевич Убаськин өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.

Ғалымды университет ректоры, философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметова құттықтады. Ол заманауи ғылымның дамуына маңызды үлес қосқаны және университетте көптеген жылдар бойы атқарған жұмыстары үшін ғалымға алғысын білдірді.

Александр Васильевич популяциялық экология, биоәртүрлілік және ихтиология бойынша 150-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Бұл жұмыстар іс жүзінде үлкен тәжірибелік қолданысқа ие болды, ал жаңашыл идеялар бірегей ғылыми бағыттарға енгізілді.

Ғалым әріптестері мен студенттер арасында үлкен беделге ие.

А. Убаськин Павлодар облысы су қоймаларының биологиялық ресурстары бойынша жұмыс істейтін облыстық комиссияның құрамына кіреді, тұзды артемиялық көлдерді бөлу бойынша тендерлік комиссияның мүшесі, сондай-ақ GBAgua.com, Fresno, California USA компанияларының тұзды су қоймаларының биоресурстары бойынша штаттан тыс сарапшысы болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы көп жылдық адал еңбегі, облыстың экологиялық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Александр Васильевич Павлодар облысы әкімдігінің Алғыс хатымен және ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының экологиясына 30 жыл» медалімен марапатталды.