«Саябақтар шеруі» акциясын «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, С. Торайғыров атындағы ПМУ және «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияға әр түрлі жастағы мектеп оқушылары, сондай-ақ ПМУ-дың «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының студенттері қатысты, студенттер алған білімдерін іс жүзінде қолдана алды.

Бастапқы нүкте «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау аймақтық орталығы» болды, мұнда акцияға қатысушылар 50-ден астам қарағай көшеттерін отырғызды.

Содан кейін шерулік маршпен колонна ПМУ-ға бет алды, онда 100-ден астам қарағай көшеттері отырғызылды.

«Жыл сайынғы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау акциясы жастардың бойында туған өлкесі мен табиғатына деген құрмет сезімі мен жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған. Ол экологиялық жағдайға үстірт қарауға болмайтынын еске салады. Саябақтар шеруі көптеген елдерде өтіп жатыр, жыл сайын оған 200-ден астам мемлекетте, соның ішінде Қазақстанда жүз мыңдаған адам қатысады», - деп атап өтті Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, с.ғ.д. Арман Ақышев.