С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» – қорытындылары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Шара ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына арналды.

Пікірталас алаңына студенттер, оқытушылар мен ғалым-сарапшылар жиналды. Жиналған азаматтар жүзеге асырылған бағдарламалары туралы пікірлерін ортаға салды. «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ержан Торайғыров бағдалама аясындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

Ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының рөлі жөнінде кафедра меңгерушісі, т.ғ.д, профессор Сәуле Мамытова баяндама жасады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған PhD докторы Ернұр Рахимовтың баяндамасы қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Шараға келушілер Елбасының мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екенін алға тартты.

Жас буын өкілдері де пікірлерін айтты. Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенті Әкежан Катеев бағдарламаның маңыздылығына тоқталып, жаңа формациядағы адам бағдарламаның басты жетістігі екенін тілге тиек етті. Осындай адамдардың қатарына еңбек етуден жалықпайтын, білім алуды мақсат ететін азаматтар жатады.