ПМУ-ға жұмыс сапарымен Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Өмірзаққызы Тасболатова келді..

Ұлттық кеңсенің негізгі міндеттерінің қатарына ақпараттық қолдау және кеңес беру, серіктестерді іздестіруде көмек көрсету, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылардың ұлттық командасының қызметін үйлестіру және т.б. кіреді.

Сапар барысында Эразмус+ жобасының мониторингі жүргізілді, онда ПМУ PhD дағдыларын дамытуда параллельді жақсартулармен таза орта үшін жылуэнергетикалық жүйелер бойынша университеттік оқытуды жетілдіру бойынша консорциумның мүшесі ретінде қатысады. 2017 жылы жоба Марке политехникалық университетінің (Анкона, Италия) сарапшыларымен бірге іске қосылды.

2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін ПМУ ғалымдары жоғары білікті инженерлерді қалыптастыру әдістемесі және Ресей мен Қазақстандағы дәстүрлі тамақ өнімдерін өндіру және маркетинг, тағамдық қауіпсіздік бойынша магистрлік бағдарламаларды енгізу бойынша TEMPUS-тың үш жобасына қатысты.

Сондай-ақ, осы сапар барысында ПМУ-дағы 2014 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа мониторинг жүргізілді.