Наурыз мерекесі қарсаңында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасында «Наурыз мейрамы: тарих, дәстүр және ұлттық мереке салты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуді ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Мамытова жүргізді.

Іс-шараға ПМУ-дың ғалым-сарапшылары, студенттері мен магистранттары, сондай-ақ «Отан» қазақ мәдениетінің орталығы» Новосібір аймақтық қоғамдық ұйымының төрайымы Орынкүл Настаушева және Павлодар облыстық «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Мәңгілік Ел» контекстінде Наурыздың біріктіруші құндылықтары, мерекенің тарихы мен дәстүрлері туралы баяндамалар жасады.

Археология және этнология кафедрасының магистранты Марета Болкоева ингуш және шешен халықтары мысалында мерекенің басқа халықтардың өміріндегі рөлі туралы айтып берді.

Мереке дәстүрі бойынша қонақтарға арналған бай дастархан жайылды, оның басты дәстүрлі тағамы – наурыз көже болды.