С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы Усолка шағын ауданының шаңғы базасында спорт ардагері Михаил Воркуновты еске алу аясында «Денсаулық күнін» өткізді.

Шаңғы тебуден шеберліктерін паш етуге университеттің оқытушылары мен қызметкерлері жиналды.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында экономика және қаржы департаменті есеп операциялары бөлімінің бухгалтері З.С. Дмитриева, «Сұңқар» спорт кешенінің аула сыпырушысы Н.Г. Попова және академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана қолданушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.К. Аманова жеңіске жетті.

Ерлер арасында «Сұңқар» спорт кешенінің еңбегі сіңген жаттықтырушысы Ю.В Шепелев, металлургия, машина жасау және көлік факультеті зертханасының меңгерушісі А.А. Следюк және тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.Ж Уахитовқа тең келер қарсылас болмады.

«Денсаулық күні» шарасының бағдарламасына ватрушкалармен сырғанау, шанамен сырғанау мен түрлі қашықтыққа жарыстар енді. Сонымен қатар, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты жарыстар ұйымдастырылды.

Еске салсақ, Михаил Воркунов Павлодар индустриалды институты (қазіргі ПМУ) дене тәрбиесі кафедрасында оқытушыдан бастап, меңгеруші болып еңбек етті. Университетте 40 жылдан астам еңбек етті.

Педагогикалық қызметі кезінде Михаил Сергеевич шаңғышылардың бірнеше толқынын тәрбиеледі. Спорттағы жетістіктері үшін «Дене шынықтыру мен спорттың дамуына қосқан үлесі үшін» Құрмет белгісімен марапатталған.