С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері мен студенттері қазақ ұлттық киімі күніне орай мерекелік шара ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты - Ұлы даланың мәдениеті мен осы күн арқылы Қазақстанның мұрасын барынша насихаттау. Биылғы жылы жоғары оқу орнының ұжымы мен білім алушылары әлеуметтік мәселелер мен тәрбие ісі жөніндегі департаменттің бастамасымен жұмысқа ұлттық киім киіп келді. Акция қатысушылары ыстық баурысақтан да дәм татты.

Айта кетейік, акция 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Идея авторларының ойынша, мерекелік шара міндетті түрде жұмыс күні өткізілуі керек. Ал ұлттық киім күнделікті тұрмыстың бір бөлігіне айналуы тиіс.