Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың қазақ әдебиеті секторында Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы бойынша дөңгелек үстел өтті. Шара «Бір ел - бір кітап» акциясы шеңберінде ұйымдастырылды.

Шараға жиналғандар Немат Келімбетовтың шығармашылығы және өмірімен танысты. Қазақ филологиясы кафедрасының студенттері «Үміт үзгім келмейді» шығармасы турысында әңгіме өрбітіп, туынды қиын жағдайға душар болған адамдарға үміт ұялататынын алға тартты.

Шығармамен танысқан студенттер кейін Павлодар ауданындағы психологиялық-педагогикалық кабинетте өткен ертеңгіліктің қонақтары атанды. Жастар балалармен жүздесіп, ойыншықтарды сыйға тартты.

«Қолдау әр адамға керек екені белгілі. Айналадағы адамдарға көмек қолын созғанда өмірің зая өтіп бара жатпағанын сезінесің», - дейді кітапханашы Әлия Рүстемова.