С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ерлер қауымы нәзік жандыларды 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ер азаматтар шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, қыз-келіншектерді таң қалдырды.

Әйелдер қауымын ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова құттықтады. Математика және ақпараттану кафедрасының профессоры Борис Николаевич Дроботун мерекеге орай өлең жолдарынан тарту етті.

Концерттік бағдарлама аясында ер азаматтар нәзік жандыларға жылы сөздер айтып, гүл шоқтарын сыйға тартты. Ән мен биден шашу шашты. Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің музыкалық композициялары мен энергетикалық факультеттің шоуы қыз-келіншектердің жүрегін жаулап алды. Ал құрылыс, химия және химиялық технологиялар факультеттерінің оқытушылары аналарға шығармашылықтарын паш етті.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің өкілдері «Буратиноның хикаялары» стилінде қойылым жасады. Әскери факультеттің мамандары музыкалық номер әзірлеп, қыз-келіншектердің қошеметіне ие болды. Кафедраның 350-ден астам қызметкері видеоқұттықтауға түскен.