С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова жоғары оқу орнының көпбалалы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу Алғыс айту күнін мерекелеу аясында өтті. Бүгінде университетте 4 баладан артық бала тәрбиелеп отырған 20 адам еңбек етеді. Олар түрлі қызметтер атқаруда.

Алғыс айту күні аясында университеттің көпбалалы аналарына материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында көпбалалы жанұялардың студенттеріне қолдау көрсетіледі. Жастар үшін жатақханаларда орындар мен тегін жолаушы билеті ретінде жеңілдіктер қарастырылған.