Павлодар қалалық сотының өкілдері С. Торайғыров атындағы ПМУ өкілдерімен кезедсті.

Шараға болашақ заңгерлер – мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында Павлодар қалалық сотының төрағасы Бақытберген Жаманбаев әріптестерімен бірге дәріс оқып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына енгізілген өзгертулер, сонымен қатар, атқарушылық өндіріс, сот орындаушыларының мәртебесі туралы әңгіме өрбітті. Жиналғандар жас отбасыларға заңды көмек көрсету мәселелерін қарастырды.

Дәріс диалог форматында өтті, студенттер қызықтырған сауалдарын қою мүмкіндігіне ие болды. Шарадан соң жастар Павлодар қалалық сотына барып, органның қызметімен жақынырақ танысты.