Павлодардағы Достық үйінің базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.

Орталықты ашуға «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдігі мұрындық болды.

Салтанатты ашылу шарасына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттары қатысты. Орталықтың жұмысы аға буын өкілдерімен ынтымақтастық орнатуға, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мен бос уақытын қамту, ұрпақтар сабақтастығын қамту, сонымен қатар, түрлі шеберлік сабақтары мен байқауларды өткізуге бағытталған.

Шара аясынла жастар қарияларға компьютерлік сауаттылық клубының жұмысы, қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері, үстел ойындары мен скандинавиялық жүріс секцияларының жұмысы туралы айтты.

«Біздің студенттер «Шекарасыз компьютер» клубында жұмыс атқарады. Аға буын өкілдеріне компьютердің қыр сырын меңгеруге көмектеседі. Сабақтар бастауыш, орташа және іргелі деңгейлеріне бөлінеді. Бұл жерде қарттар әлеуметтік желілермен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеуді үйренеді», - дейді Павлодар облысы бойынша ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлейтіру кеңесінің төрағасы Рамиль Смаилов.