С. Торайғыров атындағы ПМУ физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің құрама командасы екі робботтың модельдерін әзірледі.

Бұл идеяны жүзеге асыруға шамамен үш ай кетті. Жастардың айтуынша, роботтардың қызметі оңай болса да, құлтемірлердің өздерін жасау қиындыққа толы.

«Біздің басты мақсатымыз - екі робот жасау. Оларрдың бірі атвономды болса, екіншісі рұқсат етілген тоқ көзі мен басқару арқылы басқарылу керек. Құлметірлерді жасау барысында біз белгілі бір макеттер мен шаблондарды қолданған жоқпыз. Конструкция мен технологиялық шешімдерді өзіміз жасадық», - дейді студент Юрий Турковский.

Датчиктердегі көрсеткіштер арқылы автономды робот жре отырып құбырларға шарларды лақтырады. Екінші басқарылатын робот сымсыз байланыстың көмегімен жұмыс істейді. Ол да құбырларға шарларды лақтырып, нысанаға ракеталарды атады.

Айта кетейік, бұл жоба Алматы қаласындағы Ақпараттық технологиялар халықаралық университетінде өтетін «IITU Robocon 2019» робототехника жарысына қатысады.