С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылуына орай өткен форумды тікелей эфирде тамашалады.

ЭКСПО-2017 көрме кешенінде өткен шараға түрлі салада еңбек ететін азаматтар қатысты. Олардың қатарында ғалымдар, стартапшылар, еріктілер, спортшылар, сонымен қатар, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты.

Шара барысында Президент ерікті студенттердің шәкіртақысын 30%-ға арттыру туралы айтты. Бұл студенттер қауымына қолдау, ал тұрғындарға зор көмек болмақ.

«Үкімет волонтерлық қызметпен айналысатын жоғары оқу орын студенттерінің шәкіртақысын көтеру бойынша жұмыс атқаруы керек. Шамамен 30%-ға көтеруге болады. Бұл студенттерге қолдау, ал халыққа пайда болар еді», - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруды жыл сайын үш милилард теңгеге арттыру керектігін айтты. Сонымен қатар, Үкіметке жастардың стартап-жобаларын қолда умақсатында ірі бизнес-компаниялармен бірлесіп, арнайы қор құруды тапсырды.