С. Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында дәстүрлі «Хакатон» өткізілді, онда ЖОО студенттерінің «SmartPlace» жобасы үшінші орынды иеленді.

Іс-шараны С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың стартап академиясы және «Qazaqstan innovations» ЖШС ұйымдастырды.

Оның ерекшелігі – әзірлеушілер бір тәулік ішінде бастапқы жобаны әзірлеуі керек. Бұл бизнес-идеялар, мобильді қосымшалар және басқа да технологиялық әзірлемелер болуы мүмкін. Сайысқа 70-тен аса адам қатысты.

ПМУ-дың Есептеу техникасы және бағдарламалау кафедрасының студенттері Сергей мен Андрей Мысак «SmartPlace» мобильді қосымшасын ұсынды, онда «Ақылды қала» және «Ақылды үй» бағыттары біріктірілді.

– «Ақылды қалада» біз қалада не болып жатқанын және оның қалай дамып жатқанын, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін қандай тәсілдер арқылы жаңалықтарды білуге болатын платформаны іске асырдық – деді Андрей. – «Ақылды үй» – қосу және өшіру, басқару, жарықты реттеу, температура және кондиционерден бастап барлық «ақылды» аспаптарға арналған әмбебап платформа.

Қосымша Android және iOS операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, оны веб-сайтпен біріктіруге болады. 

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебі командасының жобасы алды.

«Күміс» орынды «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары иеленді.

Үшінші орынды өз идеяларымен ПМУ студенттері алды. 

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, қызықты болып табылған ерекше жобаларды қаланың жеке кәсіпкерлері инвестициялайтын болады.