Павлодар мемлекеттік университетінің академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасының пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің бастығы Гүлжан Аманова «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету түрлері» атты семинар-тренингке қатысты.

Іс-шара Назарбаев Университеті кітапханасының базасында өтті және Қазақстанның 19 жоғары оқу орындарының мамандарын жинады.

Тыңдаушылар университет кітапханасының жұмысын дамыту және бағалаудың, ғылыми этиканың, ашық қол жеткізу туралы декларациялардың, CRAAP ақпаратын бағалау әдістерінің және журналдарды және қызметтерді танудың әдістерін талқылауда қазіргі әлемдік үрдістер мен халықаралық стандарттар туралы мәселелерді қарастырды.

Бұдан басқа, Skopus және Web of Science деректер қорының мәліметтері негізінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғылыми қызметінің талдауы жүргізілді.

Сондай-ақ семинар барысында жоғары оқу орындарының институционалдық репозиторийлерін құру және дамыту қажеттілігі туралы пікір айтылды.

«Назарбаев Университетінің кітапханасы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасында инновациялар мен жаңа технологияларды енгізудің бірегей үлгісі болып табылады. Кітапхананың, оның жинақтарының, бағдарламалары мен қызметтерінің негізгі мақсаты Назарбаев Университетінің студенттері, оқытушылары мен ғалымдарын ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанды ғылыми-зерттеу және оқу үдерісінде қолдау болып табылады», – деп атап өтті Г. Аманова.

Кітапхана көп жылдар бойы қазақстандық кітапханашыларға арналған кеңес беру және оқу орталығының функцияларын орындайтындығын атап өту керек, онда жоғары білім берудің заманауи ақпараттық-кітапханалық қызметтерінің өзекті мәселелері бойынша семинарлар өткізіледі.