С. Торайғыров атындағы ПМУ-да А. Солженицын шығармашылығына арналған «Ұлы өмір беттерінен» атты әдеби сағат өткізілді.

Кездесу барысында Гуманитарлық-педагогикалық факультет студенттері мен «Вдохновение» кітап әуесқойлары клубының қатысушылары жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен танысты.

Әңгіме «А. Солженицын. Тұлға. Шығармашылық. Уақыт» атты презентацияны көрсетумен жалғасты.

Шара барысында «Архипелаг Гулаг дәуірінің қайғылы ескерткіші» атты кітап көрмесі ұсынылды: онда автордың «Архипелаг Гулаг», «Матренин двор», «Один день Ивана Денисовича», «Раковый корпус», «Август Четырнадцатого» атты ең танымал шығармалары көрсетілді.

Іс-шара белгілі жазушының кітаптарын қызу талқылаумен аяқталды.