С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ЭКСПО жобалары мен инновациялық әзірлемелерін таныстырды.

Шараға Павлодар облыс әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейтмахамбетов қатысты.

«Бүгінде дамыған мемлекеттер «таза» энергияға көшуде. Қазақстанда өндірілетін энергетиканың бір пайызы ғана «жасыл» энергетикаға жатады. 2017 жылы Мемлекет басшысы ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруды тапсырды. Негізгі тақырып – жаңа энергияна барынша пайдалану. Біз әлемдегі үздік тәжірибемен танысып, оларды аймағымызды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдық. Қазіргі уақытта 10 жобаның үшеуі жүзеге асырылуда. Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында екі екі күрделі жобаны таныстырдық», - дейді Ж. Шарабасов.

Шара барысында электр энергиясын өндіру үшін жаяу жүргінші плиталарын пайдалану бойынша бірқатар инновациялық жұмыстарды көрсетеді. Жоба жарық құралдары жұмысының дербестігін 50%-ын және жарықтандыру шамдарының дербестігін 25%-ын, сондай-ақ, күн батареяларынан қуат алатын автономды жарықшамдарының жұмысын қамтамасыз етеді. Олар композитті материалдарынан жасалып, жаяу жүргіншілердің кинетикалық энергиясын электр қуатына айналдырады. Кейін қолданысқа енгізіледі.

Көшелерді жарықтандыруда қолданылатын күн батареяларындағы автономды шарықшамдардың өндірістік өзіндік құны 47%-ға төмендеген. Түнгі уақытта көшелерді жарықтандыруға қолданылатын шамдар электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келушілер техногенді және полимерлі қалдықтардың негізінде құрылыс материалдарын жасау жобасымен таныса алады. Өнім тротуарлы плита, жабынқыш, бордюр, кәріз сақиналары мен люк түрінде таныстырылады.

ПМУ-ге жаңартылған энергетика тақырыбында дәріс оқып жүрген мұнай және энергетика унивреситетінің профессоры (Үндістан) Рагаван Кришнасуами оқу орнында баламалы энергия көздері тақырыбы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жақсартуды көздейтінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін «ПМХЗ» ЖШС және «Еуразиаттық энергетикалық корпорация» АҚ жас ғалымдардың стартаптарын бағалаған болатын. В. Гриненко өз кезегінде бұл жобаларды кәсіпорын аймағында жүзеге асыруға дайын екенін жеткізген еді.