С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шет тілдері апталығы аяқталды.

Шет тілдері кафедрасының ұйымдастырумен өткен шара студенттердің тілдік дайындығының деңгейін арттыруға бағытталған. Пәндік апталыққа университеттің тілдік емес факультеттерінің студенттері қатысты.

Апталық бағдарламасы шеңберінде жастар еуропалық тілдерді білу бойынша бақтарын сынап, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, поэтикалық аудармалар жасап, тарих, география, кино және музыка салаларында білімдерін паш етті.

Апталық аясында еуропалық елдердің дәстүрлері мен мәдениетіне қатысты викториналар мен байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

- Қатысушылар шет тілдерін білудің жоғары деңгейін көрсетті. Қызықты идеяларын таныстырды. Тілдерді білу – кәсіби тұрғыдан да, күнделікті өмірде де аса қажет дүние, - дейді ұйымдастырушылар.