С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына әулие Климент Охридский атындағы София университетінің PhD докторы, профессор Татьяна Дронзина дәрістер курсын өткізді.

Дәріс барысында ғалым гендерлік мәселелер, қоғамдық пікір проблемаларын зерттеу тақырыптарын қозғады.

Т. Дроздина павлодарлық университеттің қызметіне қатысты пікірін білдірді.

- Мен Қазақстанда төрт жыл тұрдым. Павлодар мемлекеттік университетіне екінші рет ат басын бұрдым. Бұл жоғары оқу орнында достарым мен жобаларым көп. Сондықтан, Ертіс өңірінің оқу орны өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Студенттер оқытушыларға құрметпен қарайды, олардың бұл қасиеті маған ұнайды, - дейді ол.

Айта кетейік, Татьяна Дроздина «Қазақстан халқы Ассмблеясының 20 жылдығы» марапаты мен «Бірлік» алтын медалімен марапатталған. Татьяна Дроздина - БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы медиацияны қолдау, террозимге қарсылық жөніндегі халықаралық сарапшысы, сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы кеңес мүшесі.