С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған байқау ұйымдастырылды. Сайысқа сегіз факультеттің командалары қатысты.

Байқау шарттары бойынша әр команда үш бөлімдегі тапсырманы орындау бойынша бақтарын сынады. Бұл тұрғыда қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық қабілеттері мен тапсырманы орындаудағы сапасына назар аударды.

- Студенттердің дайындығы көңіл көншітерлік. Факультеттердің намысын қорғаған студенттер бойдағы өнерлерін ортаға салып, жеңіске деген ынта-жігерлерін көрсетті, - дейді университеттің даму стратегиясы және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Ақышаев.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға агротехнологиялық факультетінің студенттері ие болды. Екінші орын гуманитарлық-педагогикалық факультетке бұйырды. Үздік үштікті физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы түйындеді.