2018 жылдың 28 қарашасында С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің №2 студенттер үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған кездесу өтті.

Мерекелік шараға металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенттері қатысты.

Шара аясында жастар Ұлт көшбасшысының өмірлік жолын талқылап, дәріс-диалогін өткізді. Студенттер Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан сарабдал саясаттың арқасында елімізде экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылық орнағанын тілге тиек етті. Экономика саласының қарыштап дамуы, Тәуелсіз еліміздің халықаралық аренадағы орны да сөз болды.

Кездесі концерттік бағдарламаға ұласты.