С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кезлесті.

Университет студенттері жобаларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы баяндап, оларды жүзеге асыру бойынша өтініштерін білдіре алды.

Кездесу барысында жоғары оқу орнының мәдени және қоғамдық өміріне қатысты мәселелер талқыланды. Ғылым, инновация саласындағы проблемалар да көтеріліп, унивеситет имиджін көтеруге қатысты ойлар айтылды.

Студенттердің айтуынша, осындай форматтағы шаралар жаңа идеялардың пайда болуына сеп болып, жастарды ынталандырады.