31 қазанда С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Foundation» факультеті дайындық бөлімінің тыңдаушылары көші-қон полициясы басқармасының өкілдерімен кездесті.

Жиынға Павлодар облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Гомар Шабиденов, университет ректорының режим бойынша көмекшісі Бердібек Әміренов қатысты.

Кездесу барысында визалық ресімдеу, Қазақстан аумағында шетел азаматтарын теркеу және өзге мәселелер талқыланды.

Гомар Шабиденов өз сөзінде этникалық қазақтарды тіркеу және азаматтық алу жөнінде әңгіме өрбітті. Студенттік жатақханада тұру ережелері туралы унивреситеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директорының м.а. Мәди Санатқанұлы айтып берді. Ол жастарды «Атамекен» студенттік ұйымына мүшелікке өтуге шақырды.

Шара барысында студенттерге көші-қон құжаттарын ресімдеу мерзімдерін сақтау және бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде айтылды.