С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Аркобалено» студенттік театрының маусымы «Рабские цепи» спектаклінің премьерасымен басталды.

Студенттің труппаның негізгі құрамында 27 өнерпаз бар. Жаңадан сахналанған қойылымға 17 әртіс мен музыкалық сүйемелдеу, жарық көрсету жөніндегі мамандар атсалысты.

Премьераның қоюшы-режиссері – университеттің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің екінші курс студенті Диана Әбуғалиева.

Диана Әбуғалиеваның айтуынша, психологиялық драма жанры және психикалық аурулар тақырыбы жайдан жай таңдалған жоқ.

- Жаңа форматтағы театр болғандықтан, біз маңызды тақырыптарды қаузаймыз. Біздің спектакль – жеке өмір ережелерін бағалауға талпынудың дәлелі. Кемшіліктері жоқ адамдар болмайды, бұл кемшіліктерді қоғам қабылдамауы да мүмкін», - дейді Диана.