Өткен демалыс күндері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттіе университетінің оқытушылары, жетекшілігі мен бірінші курс студенттері Денсаулық күнін табиғат аясында атап өтті.

Университетке жаңадан қадам басқан студенттер күштерін сынап, спорттық қабілеттерін ортаға салды.

Салтанатты шараның ашылуына мемлекеттік университеттінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.к., профессор Петр Быков қатысып, студенттерге сәттілік тіледі.

Факультеттердің намысын қорғаған жастар футбол, армреслинг, кір тасын көтеру сияқты спорт түрлері бойынша бақтарын сынады. Ал ептілік қабілеттерін туристік эстафета мен арқан тартуда паш кетті. Бокс және мас-рестлинг жарысы да тартысты өтті.