С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос. ғ.к., Гаухар Ахметова «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламалары талқыланды. Оның мазмұны туралы білім беру бағдарламалары Орталығы директорының орынбасары Арайлым Мағзұмова айтып берді. Білім беру сапасын бағалау және халықаралық аккредиттеу Департаменті директорының орынбасары Рустам Әбілев оқушыларды бағалау жүйесін ұсынып, Зияткерлік мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу нәтижелерімен бөлісті. 

Павлодар мемлекеттік университетінің сарапшылары өз кезегінде Зияткерлік мектептер түлектеріне қызықты болатын білім беру бағдарламаларын ұсынды. 

Сонымен қатар, Назарбаев мектептерінің түлектеріне эксперименталды білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы алдын ала келісім жасалды.