«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті Жанболат Мелдешев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында меймен өңірдегі үш жоғары оқу орнының жас ғалымдары мен студенттерімен кездесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» шәкіртақысы, орталықтың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға түсу және білім алу механизмдері туралы әңгімеледі. 

Шара барысында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к Гаухар Ахметова «Болашақ» бағдарламасы сапалы халықаралық білім алып, жинақталған тәжірибені Қазақстанға оралған соң жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тілге итек етті. 

Университет басшысы бүгінде қазақстандық тәжірибе өзге елдерге үлгі болатынын алға тартып, осы тектес жобалар қарқынды дамып жатқанын жеткізді. 

Жанболат Мелдешов студенттерге гранттық бағдарламалар мен үкіметаралық келісімдер туралы да әңгіме өрбітті. 

Бүгінде Қазақстан Республикасында АҚШ, Гремания, Франция, Австрия, Жапония сияқты елдермен студенттермен алмасу жөніндегі шамамен 45 келісім жасалған.

Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационалдандыру туралы сөз қозғалғанда Ж. Мелдешов бұл әлем университеттері бет бұрған үрдіс екенін айтты. 

«Бүгінде елімізде 14 мың шетелдік студент білім алады. Біздің мақсат – қыркүйек айына дейін олардың қатарын 20 мыңға дейін жеткізу», - дейді Ж. Мендешов.

Кездесуден соң студенттер қызықтырған сауалдарына тұшымды жауаптар алды. Шара университет ішінде дәстүрлі танысу экскурсиясымен тәмамдалды.