С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет-құрылыс факультетінде КСРО халық сәулетшісі Қалдыбай Монтахаевты еске алуға арналған студенттік жобалар байқауы өтті.

Атақты сәулетші, профессордың жанұясы мұрындық болған жарыс күндізгі бөлімде оқитын студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық жағынан қолдауға бағытталған. 

Білім алушылар түрлі жанрда түрлі техникамен әзірленген жұмыстарын төрт бағыт бойынша ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жобаларды іріктеп, үздіктерін Қ. Монтахаевтың отбасы үлестірген ақшалай марапаттарды табыс етті. 

«Сәулет» аталымы бойынша бірінші деңгейлі дипломмен Тахир Зейнолла марапатталды. Студент көпфункционалды қоғамдық ғимараттың жобасын ұсынды. Екінші орынды Әнел Әбдірахманова пен Натаья Ульченкоға өзара бөлісті. Виктория Абитованың «Терең-кеңістіктік композиция» макеті үшінші орынға ие болды. 

Әнел Әбдірахманованың  жобасы «Дизайн» аталымы бойынша екінші орын иегері. Үздік үштікті Валерия Лопоха түйіндеді. 

«Бейнелеу өнері» аталымының жеңімпазы Татьяна Копейкина «Жағалау» пейзажын ұсынды. Дарья Алексеенконың кеңістігі мен Виктория Гаммердің шрифтті композициясы екінші деңгейлі дипломдармен марапатталды. 

Сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың әпкесі Дина Жұмағалиқызы Мусинованың айтуынша, алдағы уақытта байқаудың шеңбері кеңейіп, қатысушылардың қатарын өзге жоғары оқу орындларының студенттерімен көбейту жоспарда бар.