С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Ұлы Дала руханияты және ұлттық тіл» атты қазақ тілі апталығы өтті.

Шаралар студенттердің қызығушылығын тудырды. Апталық шеңберінде агротехникалық және металлургия, машина жасау және көлік факультеттерінің оқытушылары мен студенттері арасында «Тіл шебері» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. 

Бірнеше кезең бойынша қатысушылар қазақ тілі, мәдениеті мен орындаушылық өнерде үздік атану үшін тырысып бақты. Нәтижесінде металлургия, машина жасау және көлік факультетінің командасы жеңіске жетті. 

Апталық аясында қазақ тілін бойынша жаппай диктант өтті. Шараның ерекшелігі сол, диктант жаңа латын әліпбиінде жазылды. Білімдерін сараптауға 180-ге жуық студент пен оқытушы қатысты. 

Диктант қорытындысы бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында бірінші орынға металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к,. профессор М. Сүйіндіков ие болды. Екінші орынды PhD докторы, шет тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Әнесова жеңіп алды. Үздік үштікті математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы Ж.Әлімова түйіндеді. 

Студенттер мен магистранттар арасында Н. Конкышеваға (МГ-12н) тең келер табылмады. Екінші орынға - А. Амантай (Тар-101), үшінші орынға - К. Ермек (Б-201) ие болды.

Әдемі каллиграфия үшін Ғ. Талғат, Т. Жекенова, А.Оспанова марапаттарға ие болды. «Ең сауатты жазу» аталымы бойынша металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к,. қауымдастырылған профессор Қ.Әбішев пен шет тілдері кафедрасының оқытушысы А. Оғызбаев марапатталды. 

Сонымен қатар, қазақ және өзге ұлт студенттері олимпиадаға қатысып, білімдерін сараптады. Шара аясында студенттер мазмұндама, эссе жазып, лексикалық-грамматикалық тест жазды. 

Олимпиада қорытындысы бойынша Мәжіт (Мт-102) және Е. Болганская (ИЯ-102) бірінші орын тұғырынан көрінді. Екінші орынға  А. Асылтай (Бт-102) және М. Елеуова (ТППЖ-102 ие болды. Үшінші орын Ә. Нұртас (Б-102) және К. Ситдиковаға (БЖД-102) бұйырды.

Апталық мерекелік концерт, ұлттық киімдер шеру імен поэзия party шарасымен түйінделді. 

Белсенділер Павлодар қаласының орталық көшелерімен ұлттық киімде жүріп өтті. Қала тұрғындары арасында қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша сауалнамалар жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер С. Торайғыровтың өлеңдерінен үзінділер оқып, халық әндерін орындады.