Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «УПНК ПВ» ЖШС басқарма мүшесі, Павлодар облыстық бокс федерациясының президенті, э.ғ.к,. DBA Шухрат Данбай «Әлемдік энергетиканың заманауи даму үдерістері» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Дәстүрлі шараға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Дәріс барысында Шухрат Абдурашитұлы қазіргі таңдағы мұнай өңдеу саласының жағдайы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, сапалы сараптамалық шолу жасады. Сонымен қатар, энергетикалық өндірісті жаңғырту және энергетикалық, мұнай-газ салаларының жаңа үредістері туралы айтып берді. 

 Маман мұнай дәуірі логикалық соңына жетіп бара жатқанын жеткізді. 

– Мұнай – 10-15 жылдан кейін ұмыт болатын отын түрі. Қазіргі таңда әлемде газға бейімделу үдерісі байұалады. Алдағы уақытта баршамыз отынның осы түріне ауысатын боламыз, - дейді ол.

Дәріс барысында энергетикалық нарық үдерістері, мұнай алудің негізгі көрсеткіштері, мұнайды қайта өңдеу мен экспорты, сонымен қатар, әлемді газ тарту жобалары мен Қазақстандағы газ тарту саясаты тақырыбы кеңінен талқыланды. 

Кездесу кезінде қатысушылар мұнай-химия кәсіпорындарының болашағы мен олардың басқа салаларға бет бұру мүмкіндіктері туралы ойлар айтылды.