С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жеке бизнесін ашуға ниет еткендерге арналған Startup Weekends шарасының екінші кезеңі басталды.

Қатысушылар жобаның бизнес моделін жасап, сарапшылар мен менторлардың кеңестеріне құлақ түрді. Сонымен қатар, өз идеяларының мықты және әлсіз тұстарын сараптады.

Тұсаукесер нәтижелері бойынша ағашқы жеңімпаздар анықталды. 

«Әйелдер көйлектерін тігу желісі»  Алуа Амирова, «Күн панельдері» Вячеслав Монахов, «Best Chicken» Санжар Абдужалилов, «Басқа гүлдер» Жасұлан Серікбаев, «Бие сүтінен иісмай жасау»  Даяна Мукина. 

Жастардың барлығы ПМУ стартап Академиясының резиденттері атанды. Алдағы уақытта олар бизнес-акселерациядан өтіп, қысқа мерзімде өз жобаларын дамыту керек. Сондай-ақ, сарапшылық және ақпараттық қолдау алу мүмкідігіне ие. Қатысушылар үстіміздегі жылдың маусымында өтетін ақтық мәреде бас қосады.